- Қазақстан тәуелсіздік алғанына 17 жылға кетсе де, тіл мәселесі әлі күнге дейін толық шешілмеген, ең өзекті, сергелдеңге түсіп отырған мәселелердің бірі болып қалып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда осы мәселені көтеріп жүрген зиялы қауымның көпшілігінде, соның ішінде мысалға, Мұхтар Шаханов бастаған ұлтшыл-патриоттар және басқаларын айтсақ болады, оларда бір нақтылық жетіспейтін сияқты.
Біз Қазақстанда ең алдымен тіл мәселесін өркендетеміз десек, онда әуелі осы тілге байланысты қажеттілік туғызу керек деп есептеймін. Яғни, егер қоғамда қазақ тілін үйренуге деген қажеттілік болса онда халықта, әсіресе, орыстілді қазақтар мен орыс ұлтының және Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген ниет пайда болар еді. Сондай қажеттілік болмайынша қазақ тілінің ертеңгі күні өркендеуі мүмкін емес, бұл біріншіден.
Екіншіден, біздегі кейбір ұлтшыл-патриоттар қазақ тілін білетіндерді бір топқа, ал білмейтіндерді «космополиттер» деп екінші топқа бөледі. Меніңше, бұл - қате түсінік. Себебі, расында қазақ тілін білмейтін, ол тілде сөйлемейтін, бірақ оны меңгеруге деген ниеті болғанымен, тілге қажеттілік тумағандықтан оны меңгермеген азаматтарға біз «бұлар – қазақ тілінің жауы» деп қарамауымыз керек. Олардың арасында да қазаққа, Қазақстанға жаны ашитын азаматтар бар. Бірақ белгілі бір себептермен, айталық, кезінде кеңестік заманда Ресейдің жүргізген саясатының салдарынан қазақ тілін білмей өскендер өте көп біздің қоғамда. Ал енді соларды біз бөліп-жаруымызға болмайды. Егер олай істейтін болсақ, Қазақстанда қазақ тілінің мәселесі шешілмейді.
Және, үшіншіден, меніңше, қазіргі Қазақстанда қазақ тілі мәселесінің шешілмей келе жатуының тағы бір себебі – қоғамда демократияның жеткіліксіздігінен деп ойлаймын. Егер де Қазақстанда бір азамат – бір дауыс деген ұстаныммен жұмыс істейтін болсақ, онда, менің ойымша, болашақта бұл мәселе өз шешімін табады. Себебі, 9 млн қазақтың дауысы шешуші дауыс болғандықтан бұл, демократия жағдайында, қазақ тілі өркендей түседі және ол тіл ешқашан жойылмайды деп есептеймін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?