Accessibility links

“Другая Россия” оппозициялық коалициясы бір белсенділері соққыға жығылғанын айтуда


“Другая Россия” оппозициялық коалициясы өздерінің бір белсендісі Мәскеуде соққыға жығылды деп хабарлап отыр. Олардың айтуынша, белгісіз екі ер адам сенбі күні 17 жасар Мария Коледаға үйінің сыртында шабуылдаған. Коледа өткен айда президент Путиннің партиясы басымдықпен жеңіске жеткен желтоқсандағы парламенттік сайлауларға наразылық танытып, оппозициялық шерулерге қатысқан.
XS
SM
MD
LG