Accessibility links

Көкшетау қаласында шығатын «Бұқпа» тәуелсіз газетінің редакторы Мәтен Бижанов сол аймақтағы қазақ ауылдарының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдіреді


- Ауыл үйдің ауыр халі Тайынша ауданының Көзжасар деген ауылынан күні кеше түскен ашулы хатта айтылады. Ол ауылда кезінде болған 11 жылдық мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, мәдениет ошақтары, сауда орындары мен монша секілді орындар қазір жабылып қалған деп наразылық білдіреді Жақсылық Жантасұлы есімді зейнеткер. Бір кездегі қалың ауыдан 30 түндік қана қалған, орта мектепте 8 бала ғана қалды деген қазіргі заманда жылап айтатын нәрсе ғой әрі-беріден соң.

Осындай кемшіліктердің барлығы көз алдыда болып жатса да ауыл, аудан әкімдерінің селт етпей отырғанына ашу-ыза білдіреді тұрғындар. Осындай хал, айта берсек, ауданның, әйтпесе облыстың кез-келген қазақ ауылдарында кездесуі мүмкін. Шучье, Айыртау, Зеренді аудандарынан осындай тақырыпта шағым-хаттар көп түседі бізге. Қазіргі қақаған қыстың жағдайында ауыл-елге жету қиыншылығы әр ауылдың басында бар.

Жол тазаланбайды, жол нашар, техниканың тапшылығы, кадрлардың жоқтығы - ауыл-елге көңіл бөлінбейтіндігі осы бір-ақ фактіден көрініп тұрады. Айта берсек, әңгіме көп. Шучье ауданының бір кездегі әкімі Әубәкіров деген кісі Қарабұлақтағы мектепті жабамыз деп қасарысып отырып алды да, ақыры дегеніне жетті. Ауылдағы 11 жылдық мектеп жабылып, тоғыз жылдық боп кішірейтіліп қалды. Оған себеп сонда оқитын балалардың саны жетпеуінен деген сылтау айтылды. Бірақ, сол маңайдағы балаларды жинаса керекті контингентті 2-3 есе асыруға болады, әттең шіркін, ондай құлық жоқ... Ақыры сол анандай керітартпа пиғыл ауылдағы мектепті жауып, ауылдың берекесін алып тұр қазір.

Ауыл-үйдің іресі сөгілді, осының барлығы жанға бататын шаруа. Мұндай хал басқа облыстарда да, басқа жерлерде де бар. Ауыл-елдің болашағын ойламау деген – қазақтың тағдырына немқұрайлы қараудың бір сипаты сияқты. Қазақ ауылдарын урбанизацияға айналдыру деген саясатты, өз басым, қазақтың болашағына балта ұру деп есептеймін.
XS
SM
MD
LG