Accessibility links

Осы аптада Ресей мен НАТО компьютерлік әскери жаттығу өткізе бастайды


МЮНХЕН: Ресей мен НАТО бірлескен компьютерлік жаттығу өткізеді. Бұл жаттығу өткен жылғы талас-тартыстың салдарынан кейінге ысырылған болатын. Жаттығу осы аптада Германияның Мюнхен қаласының іргесіндегі әскери компьютер орталығында басталады. Солтүстікатлантикалық одақ бұл жаттығуды Ресей мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың маңызды қадамы деп бағалады. Бастапқыда компьютерлік жаттығуды өткен жылдың қараша айында өткізу жоспарланған болатын, бірақ АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесін Еуропаға орналастыру жоспарынан туған талас-тартыстың салдарынан кейінге ысырылды.
XS
SM
MD
LG