Accessibility links

Джордж Буш Сауд Арабия патшасымен мұнай бағасы туралы сөйлеседі


АҚШ президенті Джордж Буш өзінің Сауд Арабияға сапары барысында мұнай өндірушілер өнім деңгейін анықтаған кезде қазіргі мұнай бағасының тым жоғары болуы АҚШ экономикасына кері әсерін тигізіп жатқанын қарайды деген үмітін білдірді. Буш бұл мәселені Сауд Арабия патшасы Абдулламен кездесуінде де көтеретінін айтты.

"Мен тағы да Абулла патшаға мұнайдың жоғарғы бағасы біздің экономикамызға кері әсерін тигізіп жатқаны туралы айтамын. Және мен ОПЕК-ке мүше елдер, мұнай өнімі деңгейінің әртүрлілігін қарағанда, бір ірі тұтынушы ел экономикалық жапа шегіп, ол мұнай газ сату азаяды дегенді білдіретінін түсінеді деп үміттенемін. Сол сиқты бізде көптеген талқылайтын жәйттер бар, бірақ мен сіздерді бұл талқылаулар достық ниетте өтетініне сендіргім келеді”, - деген Буш.

АҚШ президенті Эр Риядқа дүйсенбі күні келген болтаын.
XS
SM
MD
LG