Accessibility links

Белгісіз жағдайда қайтыс болған студенттің отбасы оның мәйіті ашылғанын қалайды


Ирандағы полиция бекетінде осы айдың басында белгісіз жағдайда қаза болған күрд студентінің отбасы оның мәйітін ашып, баланың неден өлгенін білгісі келеді. Ол отбасы заңгерінің айтуынша, барлау министрлігінің агенттері қаңтар айында елдің батысындағы Санандаж қаласындағы университетте емтихан тапсырып жүрген Ебрахим Лотфоллахиді ұстап әкеткен. Оның ата-анасына қаңтардың 15-де балаларының қайтыс болғаны туралы хабарланған. Ата-анасы болса осыдан бірер күн бұрын өздері көргенде балаларының жағдайы жақсы болғанын айтады. Және Лотфоллахидің отбасы мүшелері келмей жатып, 27 жасар баланы жерлеп тастаған. Билік ол бала өз-өзіне қол жұмсап өлді деген.
XS
SM
MD
LG