Бүгін Михайл Саакашвили Грузия президенті ретінде екінші мерзімге қызмет ету үшін инаугурациясын өткізді. Ол ел астанасы Тбилисидегі салтанатты шараға келген көптеген шетелдік қонақтар мен өзін қолдаушы мыңдаған адамдар алдында ант қабылдады. Инаугурацияда сөйлеген сөзінде Саакашвили Грузия Ресейге достық қолын созады деген. 5-ші қаңтарда өткен президенттік сайлауда Саакашвилидің жеңіске жеткенін қабылдамаған оппозициялық күштер бүгін кешке шеру өткіземіз деп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV