Accessibility links

Палестинамен арадағы қол жеткен келісімге Израиль халқы қарсы шығуы мүмкін


ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль президенті Шимон Перес Палестинамен арадағы келіссөздің барысында қол жетуі мүмкін келісімнің жобасын бүкілхалықтық референдумға шығаруға немесе ондай келісімге келуден бұрын сайлау өткізуге шақырады. Израильдің Герцлия қаласында өткізген баспасөз-маслихатында Ш.Перес бұқара халықтың нақты ұйғарымға келуіне мүмкіндік беру үшін Э.Ольмерттің үкіметі мен оның қарсыластарына осы мәселе бойынша өз көзқарастарын ашық жариялауды ұсынды. Израиль мен Палестина лидерлерінің арасындағы бейбіт келіссөз 7 жылдық үзілістен өткен жылдың қарашасында қайта жалғасты.
XS
SM
MD
LG