Accessibility links

Иран билігі реформашыл үміткерлердің сайлауға түсуіне жол бермей отыр


Иранда наурыз айындағы парламент сайлауларына үміткер ретінде түскісі келген реформашыл кандидаттардың жартысынан көбі сайлауға жіберілмейтін көрінеді. Реформашылар Коалициясының баспасөз-хатшысы Абдоллах Нассеридің айтуынша, Иранның Күзетшілер кеңесі әлгі үміткерлерді сайлауға түсу құқынан айырған. Аталған коалицияға 20-дай топ мүше болып табылады. 2004 жылғы парламенттік сайлауларда консервативті бағыттағы үміткерлер жеңіске жеткен болатын.
XS
SM
MD
LG