БҰҰ-ның Иранға қатысты жаңа қарар жобасы ешқандай қатаң санкцияға шақырмайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров хабарлады. Сейсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері, яғни АҚШ, Ресей, Франция, Британия, Қытай елдері мен Германия мемлекеті Иранның даулы ядролық бағдарламасына орай жаңа қарардың жобасы бойынша келісім жасады. Лавровтың айтуынша, бұл құжат Иранмен сауда қарым-қатынас жасайтын елдерді сақ болуға шақырады. Яғни, Теһран осы қарым-қатынастарды пайдаланып, мүмкін болған қауіпті материал жасап алмауы керек делінген қарар жобасында.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?