Ауған күштері елдің оңтүстігіндегі Қандағар қаласында ұрланған үкіметтік емес ұйым қызметкері американдық әйелді іздеп жатыр. Оны сенбі күні көлік жүргізушісімен ұрлап әкеткен болатын. Оны кімдер ұрлағаны туралы әлі белгісіз. Қандағар провинциясының басшысы Асадуллах Халидтың айтуынша, ол әйел үйінен жұмысына бара жатқан кезде ұсталған. Халидтің сөзіне қарағанда, 49 жастағы ол американдық әйел жергілікті тілді меңгеріп, ауғандардың дәстүрі бойынша бұрқа киіп жүреді екен.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі