Accessibility links

Обама Оңтүстік Каролинада жеңіске жетті


Демократиялық партияның Оңтүстік Каролинадағы сайлау алды дауыс берулерінде Барак Обама 55 пайызбен жеңіске жетті. Сөйтіп, Иллинойс штатының сенаторы Барак Обама Нью-Йорк сенаторы 27 процент қана дауыс жинаған Хиллари Клинтонды басып озды. Үшінші орында Джон Эдвардс қалды. Бұл Барак Обаманың алдын ала дауыс берулердегі екінші жеңісі, осы айдың басында Айовада өткен дауыс берулерде де Обама жеңіске жеткен болатын. Ал, Хиллари Клинтон оны Нью-Хемпшир мен Невада штаттарында басып озған. Демократтар мен Республикалдықтар арасынан қарашаның 4-де өтетін президенттік сайлауға кандидат таңдау үшін дауыс берулер Американың 50 штатында өтіп жатыр. Демократиялық партияның екі жетекші кандидаты Обама мен Клинтон ханым енді 24 штатта бір мезгілде өтетін 5-ші ақпандағы дауыс берулерге дайындалады.
XS
SM
MD
LG