Accessibility links

Косово тәуелсіздігін біржақты жариялайтын болса Мәскеу шара қолдануға дайын


Осылай деп Ресей сыртқы істер министрлігінің Балқандағы арнайы өкілі Александр Боцан-Харченко мәлімдеген. Бірақ ол нақты қандай шаралар екендігі турасында айтпаған. Харченконың сөзіне қарағанда, аймақтың тәуелсіздігі гуманитарлық апатқа соқтырады, өйткені серб босқындары Косово мен Сербияның солтүстігіне есепсіз ағылатын болады. Өткен аптада Косово премьер-министрі Хашим Тачи аймақтың тәуелсіздігін жариялауға санаулы-ақ күндер қалды деп айтқан еді.
XS
SM
MD
LG