Алдағы аптада өтетін президенттік сайлаудың екінші кезеңі алдында қазіргі президент Борис Тадичтің қарсыласы ресейшіл кандидат Томислав Николич Мәскеуде келіссөздер өткізуде. Ол Ресей Думасы жоғарғы палатасының спикері Сергей Мироновпен кездескен. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, төменгі палата спикері Борис Грызловпен де кездесу жоспарланған. Борис Тадич пен премьер-министр Воислав Коштуница Мәскеуге өткен аптада барып қайтқан болатын.