Accessibility links

Украина НАТО-ға жалпыұлттық референдумның мақұлдауымен ғана кіруі мүмкін


КИЕВ: Украинаның НАТО-ға кіруі – оны бүкілхалықтық референдум мақұлдағанда ғана мүмкін болады. Украинаның премьер-министрі Ю.Тимошенко осылай деп мәлімдеді. “Еуроньюс” телеарнасына берген сұхбатында Ю.Тимошенко еуропалық құрылымдармен, бірінші кезекте Еуроодақпен интеграцияға бару ресми Киевтің сыртқы саясатындағы басты мүддесі болып қала беретінін тағы да шегелеп айтты. Сонымен қатар Украина премьері атап көрсеткендей, мұнай мен газға байланысты Украинаның Ресейге деген тәуелділігін жеңілдету үшін энергетиканың балама көздерін табу да аса маңызды.
XS
SM
MD
LG