Ауғанстанның қатерлі болып отырған оңтүстік аймағына Франция көмекке келсе деген тілек Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Франция қорғаныс министрі Херви Моринмен кездесуінде айтылмақшы. Бірақ, Мемлекеттік департаменттің баспасөз өкілі Шөн Маккормак Райстың Франциядан нақты қандай көмек күтетіні жөнінде атап айтпаған. Дегенмен оның айтуына қарағанда, қосымша жасақтар жіберіліп, тікұшақ, пилотсыз басқарылатын ұшақтар мен басқа да керекті қару-жарақпен қамтамасыз етілсе, Канада өзінің Ауғанстанның осы аймағындағы жасағын 2009 жылдан кейін де қалдыруы мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес