«Деловая неделя» апталығының «Қарызды қайтаратын кез келді» деген бас мақаласында биыл Қазақстан банктері шетелге 12 миллиард доллар қайтаруы керек екендігі, ал қаржылық бақылау агенттігінің мәліметі бойынша былтырғы желтоқсанда, мерзімі ұзартылған қарыз мөлшері 4 миллиард доллар екендігі айтылған. Сонымен қатар осы газет Ұлттық банктың биыл инфляция деңгейін 10 пайыздан асырмай ұстап тұрмақшы ниеті барлығы туралы мақаласын «Қиялыңдағыны көзіңдегідей көрсетудің әдісі - көрсеткіштермен манипуляция жасау» деп атап, банк саласының қиындықтарын талқылап көріпті.
Осы орайда «Панорама» апталығы «бағалардың бірнеше күннен бері өзгерусіз қалып отырғанына қарамай, қанағаттандырылмаған сұраныстың артуы нарықтың құлдырау алдында тұрғанын көрсетсе керек» деп жазыпты.
«Литер» газеті «Қара тесік» атты мақаласында «Қазақстанда ғарыш игеруге деп бөлінген қыруар қаржы тиімді пайдаланылмай, нәтижесінде бізде салынбақ болған «Ишим» және «Бәйтерек» ғарыш айлақтары әлі салынбаған» дейді.
«Егемен Қазақстан» газеті «Жемқорлыққа қарсы 10 соққы» бағдарламасының жобасы дайын» деген мақаласында осы мәселе бойынша қоғамдық кеңес құрылатынын айтыпты.
«Айқын» газетінің жұма күнгі санындағы «көкейдегі сауалы» «Әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне қандай құндылықтармен қарсы тұра аламыз?» деп аталыпты. Оған жауап берген философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы: «Біз әлемдік жаһандану үрдісіне қарсы тұру үшін, екі басты мәселені алуға тиіспіз. Біріншісі – экономика. Екіншісі – мәдениет. Мәселен, экономикада бренд деген сөз бар. Мынадай жаһандану заманында әр ұлт өзінің брендімен, тауарымен танымал болады. Мысалға, жапон десек, электроника еске түседі. Ал қазақ кім десе, әзірге еске ештеңе түспесі белгілі. Сондықтан ең бірінші қарсы қоярымыз – қазақтың тауары. Шындығы керек, бүгінгі күні тауар – ұлттық идеяның бірі. Ал екінші бір дүние, ол – қазақтың мәдениеті» деп жауап берсе, «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов: «Бізде әзірге еліктеу басым. Дегенмен жаһандануға қарсы күреспеу керек. Қайта жақсы жақтарын өзімізге сіңіре білген жөн. Рас, бізге еңбекқорлық қажет. Өйткені еңбек қана қоғамды алға сүйрейді. Екінші бір мәселе, мәдениет. Біз төл мәдениетімізден айырылмауымыз керек. Соның ішінде – тіл. Ана тілімізді жаһандану кезінде жұтылып кетпес үшін, жаңа биіктерге көтере білген жөн. Тағы бір мәселе – жаңашылдық. Жаңалыққа бейімделе білу. Міне бұлардың бәрі – ұлтымызды жаһандануға төтеп беріп, өркениетті, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосатын құрал» деп жауап беріпті. Ал осы сұраққа «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам: «Әрине, жаһандануға қарсы қоятын ұлттық құндылықтар бізде жеткілікті. Мәселен, ұлтымыздың жүріп өткен қилы тарихы, тереңнен тамыр алған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, аңыз-ертегілері, ән-жыры, тілі, тіпті от пен суға, көкке табынатын тәңіршілдігіміз. Осылардың бәрін жадымыздан шығармай, ұрпағымыздың санасына құя білсек, ұлт ретінде ешуақытта құрып кетпесіміз хақ. Қажет болса, өзгенің жақсы жақтарын қабылдай отырып, өзіміздің керемет құндылықтарымызды өзгелерге таныта білгеніміз жөн. Міне, сонда ғана әлемдік жаһанданудың шыңырауына құлап кетпесіміз белгілі» деп жауап беріпті.
«Новое поколение» апталығы бас мақаласын «Лицо турецкой нацинальности» яғни «Кейпі түрік ұлты іспеттес» деген мақаласында Алматыдағы бір құрылыс алаңдарында бетін бүркемелеген отыз шақты адам келіп, осы құрылыс алаңындағы түрік жұмысшыларын ұрып-соққаны туралы жазыпты. Мақала авторының «ұрып-соққандар жергілікті жұмысшылардың жалақысы түрік жұмысшыларының жалақысынан бірнеше есе кем болатынына наразылық түрі шығар» деген сауалына, аталған құрылыс компаниясының басшысы «енді біз олар контрактіге қол қойғанда 200-300 доллар жалақыны күштеп жазбаймыз ғой» деп жауап беріпті.
«Караван» апталығы «Вот вам, бабки...», яғни «Міне сіздерге, апалар» (немес «Міне сіздерге - тиын-тебен» деп те аударылатын құбылмалы ұғым) деген мақалада «зейнетақысына қосымша алған кейбір зейнеткерлер ауруханаға да түсіп қалды, себебі дабырайтып айтқан қосымшасы, тіпті реніш тудырады екен» деп жазыпты. Сонымен қатар осы газет «Қасқырлардың қасыреті» деген мақаласында Қазақстанның көптеген облыстарында қасқырлардың көбейіп кеткендігі соншама, санитарлық нормалардан 5-6 есе артып, сондағы шаруашылыққа орасан шығын келтіріп отыр деп жазыпты.