Accessibility links

Әл Мәлики әл Қаидамен соғысуға сөз берді


Ирақ премьер министрі Нури әл Мәлики екі бірдей жанкештілік шабуылдан кейін, жаңадан әскери күш қолдануды бастауға сөз берді. Мәлики террористерге қарсы соғыс бастайтыны туралы сенбі күні Мосул қаласында айтты. Оның сөзіне қарағанда, қарулы топтар мен Саддам Хуссейннің бұрынғы жақтастары бұл аймақты шабуыл нысанына айналдырған. Мәлики әл Қаидаға қарсы шешуші соғыс Мосулда болады деген. АҚШ пен Ирақ әскерилері 99 адамның өліміне әкелген Бағдад базарларындағы екі бірдей жанкештілік шабуылды жасауға әл Қаида, ақыл есі кеміс екі әйелді пайдаланғанын айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG