- «Қазақ әдебиеті» газетінің биылғы 7-ақпандағы санында бірнеше оқыған-тоқығаны бар азаматтар үндеу жариялаған екен. «Еліміз күшті мемлекет болып қалыптасты, енді ары қарай дамуы керек. Қазақстанның осы дамуында Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор, ол кезіндегі Американың тұңғыш президенті Дж.Вашингтон мен Түркия республикасының бірінші басшысы болған Ататүрікпен бірдей, оның көрегендігі, данышпандығы керемет» деген тұрғыда жазылған ол үндеуге жиырма сегіз адам қол қойыпты. Менің ойымша, бұл үндеудің арғы жағында Қазақстан президенті әкімшілігінің құлағы қылтиып тұр.
Менің қарным ашатыны – осы үндеуге өзім силайтын бірнеше адам да қол қойған екен. Ол жігіттерге айтар сәлемім, Нұрсұлтанды біржақты мақтап кетпей тұрып, әуелі жан-жақтарына қарап, бажайлап алып барып кімнің-кім екенін ашып жазса демекпін.
Бұл үндеуден біз қазақ арасында қаншама жылдардан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына табынушылықтың орнағанын көріп отырмыз. Жаңағы үндеу авторларының келтіріп отырған аргументіне күлкің келеді. Олар айтып отырған Вашингтон мен Ататүрік біздің Назарбаев секілді жиырма жылдай комсомол мен партияның есігін қағып жүрген жоқ. Бізде жұрт тегіс көріп отыр ғой – кімнің қалай президент болғанын, билікті өзінде қаншама жыл қалайша ұстап, өз билігін өзі ұзартып отырғанын, сайлаудың ешқашан әділ өтпейтінін.
Және де, президенттен бастап биліктегілер тегіс өздері де мойындап отыр ғой біздің мемлекеттік-саяси жүйеміз – экономикада болсын, басқа салаларда болсын – дымы қалмай жемқорлыққа белшесінен батып, билік пен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қабаттасып, тонның ішкі бауындай боп кеткенін. Оның мысалын соңғы болған соттан да көрдік –кезінде сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары секілді үлкен қызметтерді атқарып келген президенттің күйеу баласы Рахат Әлиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны сотта дәлелденіп шықты ғой. Бұл тек беті ашылған бір ғана қылмыс, ал әлі күнге ашылмай жатқан қылмыс қаншама?!
Сондықтан жаңағы үндеуді жазып, оған қолдарын қойып отырған жігіттер, мейлі олар Қазақстанда, өздерінің ойларынша, жақсылық деп тапқандарын жаза берсін. Бірақ та, қоғамда бар кемшіліктер де атап көрсетіп, ашып жазылуы керек: біздің елімізде саяси тапсырыспен адамдар өлтірілді, демократия дегеннің әлі пұшпағы да жоқ екендігі. Демократияның басты принциптерінің бірі – биліктің алмасып тұруы емес пе, ал біздің елде соңғы 16 жылда билік алмасты ма? Жоқ, алмасқан жоқ. Неге, неліктен алмаспай отыр – олар соны да ашып жазса дегім келеді.