Accessibility links

Айбек есімді студент қазіргі жастардың дінге деген көзқарасы мен қатынасы жайында


- Мені дәл қазір толғандырып жүрген мәселенің бірі – қазіргі қоғамдағы жастардың дінге деген бетбұрысы. Әрине, бұрынғыға қарағанда біраз жақсарды деп айтуға болады. Бірақ, дейтұрғанмен де, көзімізге көрініп жүргені және жалпақ жұртқа белгілі, әмбеге аян нәрселердің бірі – кейбір жастарымыздың қазір дінді құдаймен саудаға салатындай қарайтыны. Аптасына бір рет жұма намазына барсам болды, одан кейін қалғанын сол жерге барғанда есептесіп алам дейтіндей барлығы өз әрекеттерімен күн кешуде.

Мысалы, жастарымыз жұма намазына баруын барғанымен, ол жерден шыққаннан кейін әркім өз білгенін істеп кете баратыны мені және менің айналамдағыларды толғандырып жүрген жайттардың бірі. Қазіргі жастардың «өзім болсам болды, қалғаны менің мәселем емес» дейтіндей дүниеге бей-жай қарап, жырақ кетіп жатқандығы, олардың бейхабар, хабарсыз болуы кейбір келеңсіз жағдайларға түрткі болады.

Және де олардың өмірге, айналасындағыларға осылайша селқос қарауынан қазірде жас отаулардың бір-бірінен ажырасып кетіп жатуы да жиі кездеседі.

Бірақ, әрине, көпке топырақ шашпаймыз ғой, олардың арасында өз пікірлерін алға тартып, қайтсек ұлтымызды, тілімізді, дінімізді, ділімізді көркейтеміз деп жүрген жастар да аз емес. Бірақ солардың қатары көбейсе екен деп тілеймін.
XS
SM
MD
LG