Францияда орналасқан "Шекарасыз репортерлер" ұйымы 2007 жылға арналған баспасөз бостандығы баяндамасын жариялады. Бүгін жарыққа шығатын баяндамада Қазақстанда баспасөз бостандығы былтыр одан ары кемсітілді деп сын айтылды. "Шекарасыз репортерлер" ұйымы былтыр Қазақстанда жұмбақ жағдайда жол апаттарында үш тәуелсіз журналист қаза тапты деп көрсетеді. Атап айтқанда, бұлар – интернет журналисі Сәкен Таужанов, КТК телекомпаниясының журналисі Юрий Халиков және "Отрар" телекомпаниясының журналисі Төлеген Қибатов. Тәуелсіз журналист Қазис Тоғызбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысын қорлады деп екі жыл түрмеге шартты түрде кесілді. Мұндай жағдайда журналистердің өздеріне өздері цензура жасауы өсе түсті.