Accessibility links

Кәсіпкер Қуанышбек Өнерханұлы Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің проблемалары туралы пікірін


- Осыдан 5 жыл бұрын үй жихаздары және диван, төсек матрацтары үшін өте қажет поролон өндіру жұмысын қолға алып, алғашында небәрі 3-4 адамы бар шағын цех құрған болсақ ,бүгінде 30 шақты жұмысшысы бар зауыт ашып отырмын. Зауыт ең соңғы технологиямен жұмыс істейді, поролон өндіру шамасы жағынан жаман емес, бұғанда құдайға шүкір дейміз. Қазақстан бұған дейін және қазірдің өзінде поролонды көбінесе шетелдерден, әсіресе Ресейден, Украинадан және Финляндия секілді елдерден алып келді. Сондықтан поролонға деген сұраныс та көп, соңғы кезде бәсекелестік де көбейіп барады.

Жалпы, поролон өндіру үшін 7-8 түрлі химиялық заттар керектеніледі, бұны әлемдегі ең әйгілі Германияның «Байер» фирмасынан алып отырмыз. Сондықтан поролон өндірудің технологиялық процесін оңай деп айтуға келмейді, өзіндік қиындықтары жеткілікті. Алайда соған қарамастан поролон өндірудің ең соңғы, үздік технологиясы аталатын үзіліссіз технологияны де игеріп қалдық.

Алайда осы жеке кәсіпкерлікті дамыту, оған үкіметтен қолдау көрсету мәселесінде мемлекет басшылары тарапынан айтылған «қолдаймыз, қолғабыс көрсетеміз» деген уәделердің көбі орындалмай тек сөз жүзінде ғана қалып отыр. Ең басты мәселе - жер мәселесі болмақ. Зауытты үлкейтіп, өндіріске айналдыру үшін ең алдымен орынжай, жер керек болады. Ең аз деп есептегеннің өзінде өндіріс ашу үшін кемінде 1-2 гектар жер керек болады. Ал осы мәселемен Алматы қаласы әкіміне кіріп мән-жайды айтпақ тұрмақ әкімдік орналасқан ғимарат ішіне кірудің өзі қиын. Егер үкімет жеке кәсіпкерлікті қолдаймыз десе осы мәселеге көбірек назар аударғаны дұрыс болар еді.

Мысалы, сауда орындары, ойын-сауық орындары үшін тіпті қаланың ортасынан болсын орынжай, жер алуға болады, ал өндіріс ашайын, өнеркәсіп салайын десең оған жол жоқ. Осы бір басты мәселе болып тұр. Екіншіден, орынжай табылған жағдайда өндіріс салу үшін банктер ипотека бөлсе бұл кемінде 2-3 миллион долларсыз болмайды. Ал жеке кәсіпкерлер бұған тапқан барық ақшаларын салып жіберейін десе, оның жөні жоқ. Өйткені кәсіпкер ақшасын өндіріс құрылысына сала ма, жоқ әлде өндіріске қажет жаңа технологияны сатып алуға сала ма осы жағы тағы қинайды. Міне, біздегі кәсіпкерлер осындай қиыншылықтарға тап болып отыр.
XS
SM
MD
LG