Сербия сыртқы істер министрі Вук Еремич Косово тәуелсізідігін жарияласа ешқашан мойындамаймыз деді. Сербия министрі мұны бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше мәжілісінде айтты. Вук Еремич Косово провинциясының бөлінуін тоқтату мақсатында барлық экономикалық, саяси және дипломатиялық шараларымызға жүгінеміз, бірақ күш қолдану ниетіміз жоқ деді. Сербия министрі мәжілістен соң журналистермен кездескенде Косово провинциясына тәуелсіздік бермеу мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұрағанын айтты, Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы мен халықарылық заңдар бұған негіз салады деді. Негізінен албандар тұратын Косово провинциясы Сербиядан таяу күндері біржолата бөлінбек.