Accessibility links

Косово азшылық топтар құқы қорғалады деді


Косово премьер министрі Хашим Тачи тәуелсіз Косовода азшылық серб топтарының құқығы сақталады деп айтты. Тачи Косовоның тәуелсіздікті дәл қай уақытта жарияланатындығын айтпады, бірақ Сербияның провинциясы Приштинада тәуелсіздік жексенбі күні жарияланады деп күтіліп отыр. Бұл арада Сербия президенті Борис Тадич Косово тұрғысында Сербияның егемендігін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға сөз берді.
XS
SM
MD
LG