Accessibility links

Еуропа елдері Косовоға миссия жіберуге келісім берді


Бүгін Еуропа Одағының елдері Косовоға құқық қорғаушы миссиясын жіберуге соңғы мақұлдауын берді. Ол қазіргі БҰҰ миссиясының орнын басатын полиция, сот, прокурорлардан тұратын 1800 адамдық топпен қоса жергілікті бір мыңдай қызметкерлер Косово билігіне елдегі түрлі этникалық топтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге, ұйымдасқан қылмыс пен коррупциямен күресте көмектесетін болады. Жексенбі күні Косово Сербиядан тәуелсіздігін жариялайды деп кеңінен күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG