Accessibility links

Белградтағы елшіліктерге жасалған шабуылдар халықаралық айыптаулар туғызды


Құрама Штаттар Белградтағы елшілігіне шабуыл жасалғанын айыптап, Сербия полициясының оның алдын алуға әрекет етпегеніне ренішін білдірді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ пен басқа да батыс елдерінің Белградтағы елшіліктеріне кеше жасалған шабуылдарды айыптады. Ол шабуылдар Косово тәуелсіздігіне қарсы және жаңа мемлекет ретінде оны қолдаған Америка мен бірқатар батыс елдеріне қарсы жаппай шерулерден кейін болды. Рейтерс агенттігі Белград көшелеріндегі сербтерді сауалнамаға тартқанда:

"Бұзып, қиратудың керегі жоқ еді, бұл жағы кемшілік болды. Бірақ, шерудің басқа жағы дұрыс болды”, - деген.

Бүгін Еуропа Одағы Сербияны шетелдік елшіліктерді қорғауға шақырды. Бүгін Белградтағы жағдай тынышталғаны хабарлануда.
XS
SM
MD
LG