Accessibility links

Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты ешбір Қарарды орындамайды


НЬЮ-ЙОРК: Иранның БҰҰ-дағы елшісі Теһран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты Ұлттар Ұйымының ешбір Қарарын орындамайды деп мәлімдеді. Сондай-ақ елші Мұхаммад Хази атап көрсеткендей, Ираннан уран шикізатын байыту жұмысын тоқтатуды талап ету - заңсыз. Иран елшісі бұл сөздерін БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі мен Германия өкілдерінің “Иран мәселесін” талқылау үшін Вашингтонда бас қосуына байланысты айтып отыр. Осылардың үшеуі – АҚШ, Ұлыбритания және Франция – БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы үшінші санкцияны қолдану мәселесін дауысқа салады деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG