Accessibility links

Алматылық Әлима есімді студент Қазақстандағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына жас отбасыларының қолы жете бермейтіні жайында


- Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесі өте өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Осы жағдайда әсіресе оқу орнын бітірген жастарға үй алу өте ауыр боп бара жатыр. Осымен қатар жалпы азаматтар мен отбасын жаңадан құрған азаматтар және жастарға өте ауыр тиеді, ондайлар баспанаға қол жеткізе алмай отыр.

2008 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі басталғаны мәлім. Осы жағдайда, тұрғын үй бағдарламасына әлі де болса мемлекеттік қызметте істейтін адамдардың қолы жетпей отыр. Себебі, ондай үйлерден пәтер алуға олардың алатын жалақысы өте төмен. Сондықтан да үкімет алдына қаншама тұрғын үй мәселесін шешу міндеті қойылса да, соншама проблемалар болып жатыр.

Оның үстіне, үй алғың келсе қыруар көптеген құжаттар жинастыру керек болады. Үлкен проблема – жалақының төмендігі. Сондықтан, өкімет осы жайттың барлығын ескеріп қазіргі жалақымен де пәтерге қол жеткізуге болатындай етіп басқадай бағдарлама ашса деп ойлаймын.
XS
SM
MD
LG