Accessibility links

Ауғанстанда жанкештілік шабуылдың алды алынды


Ауғанстанның Хост провинциясында жанкештілік бомба шабуылын тоқтату әрекеті кезінде полиция қызметкері қаза тапты. Шабуылшы бомба салынған мәшинесімен Тани ауданында әкімшілік кеңсесін қиратпақ болған. Ауған сақшылары оқ атқан соң мәшине жарылып кетті, полиция қызметкері қаза тапты. Мұндай шабуыл кеше осы провинцияның Яқуби ауданында болған, барлығы төрт адам, оның ішінде НАТО-ның екі сарбазы мерт болған.
XS
SM
MD
LG