Accessibility links

Косовоның тәжірибесімен Абхазия мен Оңтүстік Осетия да тәуелсіздіктерін мойындатпақшы


СУХУМИ: Грузиядан бөлінген Абхазия республикасы халықаралық қоғамға өзін тәуелсіз мемлекет ретінде мойындатуға бағытталған шарасын қайта бастамақшы. Абхазия парламентінің халықаралық істер комитетінің төрағасы Гурам Гумба хабарлағандай, “біздің тәуелсіздігімізді мойындау және ресми қарым-қатынас орнату туралы” Қаулыны жұма күні қабылдайды. Грузияндан бөлінген тағы бір республика – Оңтүстік Осетия – ондай шешімді сәрсенбі күні қабылдап үлгерді.
XS
SM
MD
LG