Accessibility links

Ирақ президенті күрд көтерілісшілеріне қарсы Түркиямен бірге болатынын байқатты


Ирақ президенті Күрд көтерілісшілеріне Ирақтың ішінде жол берілмейді деді. Жұма күні басталған Түркиядағы сапарында Жалал Талабани Ирақ елдегі күрд көтерілісшілерінің қаруларын тастап, үкіметке берілуіне қысым жасауын жалғастырып келеді деген. Сөйтіп, олардан төнген қауіпті құрту үшін екі ел бірге кең көлемді қауіпсіздік шараларын өткізу мәселесін талқылайды деп айтты. Сондай-ақ, өзі күрд болып табылатын Ирақ президенті Жалал Талабани:

«Түркия бізге көп көмектесті, мен осы мүмкіндікті пайдаланып, Түркия халқына, түрік жетекшілеріне және түркиялық күштерге алғысымды айтқым келеді. Себебі, қиын кезеңде басқа елдер Ираққа тіпті виза бермегенде, Түркия өзінің есігін жүздеген ирақтық босқындарға ашты, өз есігін бізге айқара ашты”, - деген.
XS
SM
MD
LG