Accessibility links

Пәкістан оппозициясы Жоғары сот төрешілерін қызметке қайтарамыз дейді


Пәкістан парламенті сайлауын жеңіп алған оппозицияның басшылары президент Перуез Мұшарраф алып тастаған Жоғары сот төрешілерін қызметтеріне қайтарамыз деп мәлімдеді. Пәкістан президенті былтыр қараша айында төтенше жағдай тәртібін енгізіп, оларды жұмыстан босатқан. Пәкістан Халық партиясының төрағасы, қастандықпен өлтірілген Беназир Бхуттоның жесірі Асиф Әли Зардари және тағы бір оппозициялық партияның төрағасы, бұрынғы бас министр Науаз Шәріф коалициялық үкімет құруға келісті. Оппозиция басшылары президент Перуез Мұшаррафқа қайырылып, ақпан айында сайланған парламенттің алғашқы сессиясын тез арада шақыруға үндеу айтты.
XS
SM
MD
LG