Accessibility links

Әліш есімді Алматы тұрғыны қаладағы қоғамдық көліктің жұртшылыққа қызмет көрсету сапасы жайында пікірін білдіреді


- Менің көңілім толмайтын мәселе – Алматы қаласындағы жолаушы тасымалдайтын көліктің жайы. Көлік дер кезінде жүрмейді, сондықтан көбінесе жаяу жүруімізге тура келеді. Аялдамаларда көп тұрамыз.

Сонымен бірге жолаушы тасымалдау көліктеріндегі кондукторлардың жұртқа қызмет көрсететін деңгей-дәрежесі төмен, тиісті орындар осыған көбірек көңіл бөлсе екен деймін. Мәселен, сол қызмет көрсететін адамдарды арнайы оқыту керек пе, болмаса семинар ұйымдастыру арқылы ма, қалай болғанда да соларды халыққа қызмет көрсетуге үйрету керек.

Олар әлі күнге дейін дұрыс қызмет жасауды білмейді. Мысалы, олар көбінесе орыс тілінде сөйлейді, аялдамалардың атауларын да орысша айтады, ал тек қана қазақша түсінетін қарт адамдар оны түсінбей жатады. Бірақ, әлгі кондукторлар тіл мәселесіне келгенде бәрі-бәрі шорқақ. Міне, көлік кәсіпорындарының басшылығы осы жағына көңіл бөлсе екен деймін.
XS
SM
MD
LG