Accessibility links

Ауғанстандағы әуе шабуылынан 4 қарапайым адам қаза тапты


Британия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ауғанстандағы әуе шабуылынан бүгін 4 қарапайым азамат қаза тапқан, олардың екеуі балалар. Оңтүстіктегі Хелманд өлкесінде Талибан тарапынан торуыл жасалған соң Британия жауынгерлері халықаралық күштерді әуеден соққы беруге шақырған. Қазір енді қарапайым тұрғындардың құрбан болғандығына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, дейді Британия қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.
XS
SM
MD
LG