Accessibility links

Грузия президенті жікшіл аймақтарында күш қолданбаудан бас тартты


Грузия президенті Михайл Саакашвили жікшіл аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияға күш қолданудан бас тартуға дайын емес екенін білдірді. Саакашвилидің айтуынша, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Грузияны әскери күш қолданбау жөніндегі хаттамаға қоюға шақырған. Бірақ, Грузия президенті осыған ұқсас келісім 1990 жылдары жасалып, оның соңында екі аймағына бақылаудан айрылып қалған деп отыр. Саакашвили бұл туралы сенбі күні әскери базадағы күштері алдында мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG