Accessibility links

Грузия президенті ұлттық бірлікке шақырды


Президент Михаил Саакашвили Грузия халқын ұлттық бірлікке шақырды. Бүгін теледидардан сөйлеген сөзінде Саакашвили Грузияның НАТО-ға қосылу әрекетіне байланысты “геосаяси” күресулер болып жатыр деп мәлімдеді. Саакашвили, сондай-ақ, Ресей Грузияның жікшілдік бағыттағы аймағы Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қолдау білдіріп, “қиын жағдай” туғызуда деп айыптады. Грузия президенті Саакашвили АҚШ президенті Джордж Бушпен келіссөз жүргізу үшін наурыздың 19-ы күні Вашингтонға барады. Ал кеше Грузия астанасы Тбилисиде 5 мыңға жуық оппозиция қолдаушылары Саакашвилиге қарсы шеру өткізді.
XS
SM
MD
LG