Accessibility links

Ауғанстандағы жанкештілік шабуылдан 7 адам опат болды


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде НАТО көлігіне бағытталған жанкештілік шабуылдан 3 шетел жауынгері мен бір аудармашы және үш қарапайым азамат қаза тапты. НАТО жетекшілігіндегі қауіпсіздік күштерінің баспасөз-хатшысының хабарлауынша, бүгін Гиришк ауданында орын алған ол шабуылдан 4 әскер мен 6 қарапайым тұрғын жарақат алған. Бұл аймақта Талибан соғысушылары белсенділік танытып келеді.
XS
SM
MD
LG