Accessibility links

АҚШ үкіметі Йеменде жасалған шабуылдың нысанасы - АҚШ елшілігі болған дейді


АҚШ сыртқы істер министрлігі кеше Йеменде жасалған шабуылдың нысанасы - АҚШ елшілігі болған деп мәлімдеді. Йемен астанасы Сана қаласында кеше үш мина атылды, олар АҚШ елшілігінің маңында орналасқан мектеп ғимаратына түсті. Мұның салдарынан бір сақшы қаза тапты, 13 оқушы қыз және бес Йемен сарбазы жарақат алды. Йемен президенті Әли Абдұлла Салық шабуылды айыптады, бұл ислам қағидаларына қайшы келетін террорлық қимыл деді.
XS
SM
MD
LG