Accessibility links

Президент Первез Мушарраф Пәкістанда демократия кезеңі басталды деді


Пәкістан президенті Первез Мушарраф өзінің саяси бәсекелестері коалициялық үкіметтің басшысына кандидатты атаған соң, елде демократия кезеңі басталды деп мәлімдеді.

«Мен бұл үкіметтер саяси тыныштықты және Пәкістанның қарқынды әлеуметтік экономикалық өсімін қолдау үшін жұмыс істейді және бұрынғыдай терроризм мен экстремизмге қарсы күресті жалғастырады деп үміттенем. Жаңа үкімет қалай құрылса да менің толық қолдауымды алады», - деді Мушарраф.

Ол сонымен қатар, өзінің елді даму мен үдеріс жолына салғанын айтты. Сенбі күні қастандықпен өлтірілген Беназир Бхуттоның оппозициялық партиясы бұрынғы парламент спикері Юсаф Раза Гиланиді елдің келесі премьер министріне кандидат ретінде атады.
XS
SM
MD
LG