ТЕҺРАН: Иранның мемлекеттік ИРНА агенттігі хабарлағандай, кеше елдің оңтүстігінде жолаушы автобусы апатқа ұшырап, 27 жолаушы қаза тапты. Апат Иранның Хузестан өлкесінде түнде болды. Иранның автокөлік жолдары – бүкіл әлем елдеріндегі ең қатерлі тасжолдардың бірі көрінеді. Иранның жол полициясы бастығының тағы да сол ИРНА агенттігі келтірген сөзіне қарағанда, “Наурыз” мейрамы басталған өткен бейсенбіден бері жол апаттарынан кем дегенде 70 кісі қаза тапқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты