ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры Майкл Хэйден Ауғанстан мен Пәкістанның арасындағы шекара аумағындағы ахуал Америка мен жалпы Батысқа “әлі де айқын қатер төніп тұрғанын” аңғартады деп есептейді. Хэйденнің мәлімдеуінше, егер АҚШ-қа қарсы тағы бір террорлық соққы берілсе, ол соққының Усама бин Ладин бас сауғалап жүр деп саналатын осы аумақтан шығатыны сөзсіз. Барлау басқармасы директорының сөзіне қарағанда, “Әл-Қаида” ұйымы әлгі шекара аумағын өзі үшін қауіпсіздік аймаққа айналдырып, өзінің содырларын жаттықтыруда. Ресми Вашингтон Пәкістанның жаңа үкіметінен шекара аумағына көбірек көңіл бөлуді талап етіп жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?