Accessibility links

Ирақтағы британ әскерінің қатары әзірше 4 мың жауынгер қалпында қалады


ЛОНДОН: Кеше британ қорғаныс министрі Дес Браун хабарлағандай, Ұлыбритания Ирақтан 1,5 мыңдық әскерін шығаруды кейінге қалдырады. Браунның айтуына қарағанда, Ирақтың оңтүстігіндегі британ әскері бұрынғы 4 мың күйінде қалады. Ирақтың үкімет әскері мен шейттердің бітіспес көсемі М.Ас-Садрдың “Әл-Маһди армиясы” деп аталатын қарулы құрамасының арасындағы шайқас бір аптадай жалғасқан Әл-Басра қаласы мен оның төңірегіндегі ахуалдың күрт өршуіне байланысты осындай шешім қабылданды. Ресми Лондон осы көктемде Ирақтағы әскерінің бір бөлігін шығара бастауды жоспарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG