ХАРАРЕ: Зимбабве полициясы ресми тіркелмей таяуда болып өткен президент сайлауы туралы хабар беріп тұрды деген күдікпен 2 шетелдік журналисті тұтқындады. “Нью-Йорк таймс” газеті ұсталғандардың бірі өз тілшісі екенін мәлімдеді. Зимбабвенің үкіметі өткен сенбі күнгі сайлаудың барысында шетелдік көп журналистің жұмысына бөгет жасады. Сайлаудың ресми нәтижесін жариялауды тосып отырған ел астанасы – Хараредегі ахуал ушығып тұр. Оппозициялық “Демократиялық өзгерістер үшін” қозғалысы өзінің үміткері сайлауда президент Р.Мугабені жеңді деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі