Accessibility links

Уашингтон Белорусияның АҚШ елшілігіндегі қызметкерлер санын қысқарту ұсынысы әділетсіз деді


Уашингтон Белорусияның Минскідегі АҚШ елшілігінің қызметкерлер санын қысқарту жөніндегі ұсынысы “миға қонымсыз әрі әділетсіз” деді. Мемлекеттік департамент өкілі Том Кэсейдің айтуынша, Уашингтон бұл мәселені әлі де Белорусиямен талқылай береді. Бірақ, ол өзінің елшілік қызметкерлерін азайту жоспары туралы білмейтінін алға тартты. Белорусия билігі Уашингтон бұл елдегі адам құқықтарының бұзылуына байланысты белорусиялық компанияға санкция енгізген соң АҚШ елшілігінің қызметкерлерін қысқартуды сұрап отыр. Уашингтон қазірдің өзінде бұл даудан кейін өзінің Минскідегі елшісін қайтарып алып, елшіліктегі қызметкерлерін 27-ден 17-ге азайтқан. Минск оны 7-ге дейін қысқартуды сұрады.
XS
SM
MD
LG