Accessibility links

Косовоның бұрынғы премьер министрі Гаага сотынан босатылды


БҰҰ-ның соғыс қылмыстары жөніндегі Гаага сотынан ақталып шыққан Косовоның бұрынғы премьер министрі еліне батыр ретінде оралды. Мыңдаған Косово албандары қолдарына жалаушалар алып, Рамуш Харадинаиды Приштина әуежайынан күтіп алды. Гаага сотында ісі қаралған Косово албандарын Азат ету армиясының қолбасшысы болған Харадинайдан, 1998-99 жылдардағы Косово соғысында сербтерді азаптап өлтірді деген айыптаулар алынды.
XS
SM
MD
LG