Accessibility links

Ауғанстанда жол салушы жұмысшыларға шабуыл жасалды


Ауғанстан үкіметінің мәлімдеуінше, елдің оңтүстігінде соғысушылар 17 Ауған жұмысшысын өлтірген. Ішкі істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Земери Башаридің айтуынша, кеше Забул өлкесінде бүлікшілер жол салушы компанияда жұмыс істейтін ауғандықтарға шабуыл жасаған, оның салдарынан сондай-ақ 16 жұмысшы жарақат алған. Сосын Ауған және халықаралық қауіпсіздік күштері жауап қайтарып, 7 соғысушыны өлтіріп, 12 бүлікшіні жаралаған.
XS
SM
MD
LG