Accessibility links

Қазақстан бас прокуратурасы елде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін 1870 діни ұйым жұмыс істейді дейді


«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан бас прокуратурасы елде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін 1870 діни ұйым жұмыс істейді деп мәлімдеген. Кеше Астанада өткізген баспасөз-мәслихатында бас прокуратура өкілі Сапарбек Нұрпейісов әлгі ұйымдардың ең көп тарағандары "Саентология", "Новая жизнь" және Христиандық миссионерлік "Грейс" шіркеуі, тағы басқалары деп атап көрсеткен. Осындай секталар қатарына 40 мыңнан астам адам қосылған екен. «Бұндай діни ұйымдар мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейді, адамдарға зиянды емес деп ойлау қате» дейді прокуратура өкілдері. Соңғы жылдары дәстүрлі емес діни ұйымдар мен секталардың 50-ге жуық жетекшісі жауапқа тартылған, сондай-ақ, заңсыз миссионерлік қызметі үшін 13 шетел азаматы елден шығарылған. Бас прокуратураның хабарлауынша, Қазақстанда 13 ұйым террористік және бір ұйым экстремистік деп танылған.
XS
SM
MD
LG