Бүгін Қытай президенті Ху Дзиньтао өзінің Далай Ламамен келіссөз жүргізсін деген халықаралық үндеулерді қабылдамайтынын тағы да қайталады. Қытайдың оңтүстігіндегі аралда сөйлеген сөзінде ол, Бежиннің Далай Ламамен қақтығысы тек ұлттық бірлік тұрғысында, оның этникалық, діни, немесе адам құқықтары мәселесіне қатысы жоқ деген. Президент Ху Дзиньтао сондай-ақ, Қытай Далай Ламамен ол Тибет тәуелсіздігі үшін күресі мен қақтығысын тоқтатқанда ғана келіссөзге баруы мүмкін деді. Тибеттің рухани көсемі бірнеше рет өзінің отаны үшін тәуелсіздік емес қақтығыссыз ел болу әрі автономия алу жолында күресіп жүргенін айтқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV