Accessibility links

В.Путин – билік басындағы “Единая Россия” партиясының саяси лидері


МӘСКЕУ: Ресейдің билік басындағы “Единая Россия” партиясы “партияның саяси серкесі” деген жаңа лауазым құрып, ол лауазымды бүгін Мәскеуде басталатын партия сиезінде президент тағындағы мерзімі аяқталып қалған В.Путинге ұсынады. Ол туралы бүгін “Единая Россия” партиясының төрағасы Б.Грызлов хабарлады. В.Путиннің өзі егер президент сайлауында Д.Медведев жеңіске жететін болса, премьер-министр болуға келісетінін мәлімдеген болатын. Д.Медведев 7-нші мамыр күні президент міндетін атқаруға кіріседі. Ал В.Путин “Единая Россия” партиясының сиезінде ертең сөйлеуге тиіс.
XS
SM
MD
LG