Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Сергей Шойгу, Мәскеу Косоводағы серб азшылық тобына арналған қайырымдылық көмегін көбейтуді жоспарлап отыр деген. Ресейдің ақпарат агенттіктері жазып жатқандай, бұл тұрғыда Шойгу Ресей жақын арада Косово сербтеріне 10 мың тонна дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен астық жөнелтеді деп айтқан. Шойгу бұл туралы Белградта Сербияның экономика министрімен кездесуде айтқан. Косовоның ақпан айында Сербиядан біржақты тәуелсіздік жариялағанына қарсылық танытқан Ресей, осы айдың басында да Косово сербтеріне жүздеген тонна көмек жолдаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV